Режеп Шекерге Президенттің алғысхатын Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы табыстады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы айтты.
Елші дәрігерге алғыс білдірді. https://youtu.be/_NeKu89tjwI Видео: 24.kzБұған дейін наурыз айында ұшақ бортында қазақстандық сәбидің жүрегі тоқтап қалғанын жазған болатынбыз. Сол уақытта ұшақ бортында Түркия президентінің жеке дәрігері де болған. Ол баланы ажалдан арашалап қалған.
Баланы құтқарып қалған дәрігер өзіне көңіл бөлгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.