«Ертегі деп ойладым» – үйіне газ қосылған астаналықтар Елбасыға алғыс айтты

«Ертегі деп ойладым» – үйіне газ қосылған астаналықтар Елбасыға алғыс айтты

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың атына елорданың жеке секторында тұратын азаматтардан ұжымдық хат келіп түсті. Онда тұрғындар Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясындағы газдандыру жұмысы үшін ризашылығын білдірді» делінген жазбада.