Ұлттық банк: несие алатындар неге көбейді?
Ұлттық банк: несие алатындар неге көбейді?
165
оқылды

Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті директорының орынбасары Олжас Күбенбаев несие алатындар көбейгенін айтты.

Банктің мәліметінше, шағын несие алуға сұраныс көбейген. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілері тарапынан несие қаражатына деген қажеттілік өтінімдер санының өсуіне ықпал етті. Бизнес өкілдеріне онлайн қарыз беру қызметтерін ұсынатын банктердің саны айтарлықтай өсті. Шағын бизнес бойынша өтінімдер саны 1,5 есеге өсіп, 120 мыңға жетті. Ірі бизнесте несие беру – 28%-ға артып, 244-ке жетті. Сондай-ақ, ипотека, кепілдендірілмеген несиеге деген сұраныс артты. Алайда автонесие алушылар саны азайды. Бірақ кепілсіз несиелерге сұраныс өсті. Яғни 5%-ке артты.

Бұған дейін несиесін төлей алмай, кредиттік тарихын түзете алмай жүргендер туралы жазған болатынбыз.