Журналистер арасында өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Журналистер арасында өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
117
оқылды
«Nur Otan» партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауының басталғаны туралы хабарлайды.  Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады. Сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тағылымы» атты жаңа номинация қосылды. Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді. Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Лидері          Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады. Байқау шарты бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 2021 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады. Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2021 жылдың 20 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады. Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады:
  1. «Телевизия үздігі» – үздік телевизиялық журналист;
  2. «Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;
  3. «QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі»;
  4. «Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін жариялағаны үшін;
  5.  «Партия жаршысы» – партия туралы үздік материал;
  6. «Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
  7.  «YouTube үздігі» – үздік YouTube арнасы;
  8. «Тәуелсіздік тағылымы» – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жариялаған үшін.
Жеңімпаздар Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады. Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2021@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша  8 747 772 72 37 нөміріне Эльмира Жантеміроваға хабарласуға болады. https://www.youtube.com/watch?v=tTudVCb1HF0