«Nur Otan» партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауының басталғаны туралы хабарлайды. Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады. Сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тағылымы» атты жаңа номинация қосылды. Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді. Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Лидері Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады. Байқау шарты бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 2021 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады. Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2021 жылдың 20 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады. Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады:
- «Телевизия үздігі» – үздік телевизиялық журналист;
- «Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;
- «QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі»;
- «Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін жариялағаны үшін;
- «Партия жаршысы» – партия туралы үздік материал;
- «Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
- «YouTube үздігі» – үздік YouTube арнасы;
- «Тәуелсіздік тағылымы» – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жариялаған үшін.