Жамбыл облысында 11 ақпанда жоғалып, 3 айдан кейін Шу өзенінен өлі табылған 23 жастағы Гүлдана Санақбайдың әлеуметтік желіде жарияланған соңғы сөздері белгілі болды.
"Жаратушыға әр сәт үшін, ұлымды бергені үшін, қайғырып, қуана білгенім үшін, сәттілік үшін, күлгенім және жылағаным үшін - барлығы үшін алғыс айтамын!”, - деп жазған ол Instagram-дағы парақшасында.Бұған дейін 29 сәуірде Шу өзенінен жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайдың күш қолдану белгілері бар мәйіті табылғанын жазған болатынбыз. Әйелдің артында 5 жасар ұлы қалған.