«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы қоғамдық қабылдауында «Nur Оtan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалима Жантөреева жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Кентау қаласының тұрғыны А. Оразымбетова 1993 жылғы ұлының денсаулығына байланысты туабітті өздігінен жүріп-тұра алмайтындығын, қоларбаға зәру екендігін айтып келген болатын. Облыстық маслихат депутаты Қалима Жантөреқызы өтініш иесінің шаңырағына барып, партияның «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобаларын түсіндірді. Сол жобалар аясында өз демеушілігімен еуропалық үлгідегі көшеде және үй ішінде жүретін 2 дана қоларбаны табыстады. Мұң-мұқтажына құлақ асқан депутатқа қала тұрғыны рахметін айтып, қуанып қалды. Сондай-ақ қабылдауға Кентау қаласының тұрғындары – Бұланбай Нұргүл, Абдикаримова Анеля, Наурызбаева Салтанат жұмыспен қамту мәселелері бойынша көмек сұрап келген болатын. Нәтижесінде Н.Бұланбай Кентау қалалық орталық ауруханасына, А.Абдиакримова және С.Наурызбаева «Жасыл Кентау» мекемесіне жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 айға ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Кентау қаласы, Оранғай ауылынан Гулнара Ибадуллаева және ауыл тұрғындары Оранғай ауылына 150 орындық мектеп салу мәселесімен келді. Депутат тұрғындардың өтініштеріне ҚР Заңдылығына сәйкес тиісті жауап беріп, қадағалауға алатынын жеткізді. Кентау қаласының тұрғыны Омарова Акжаркын отбасылық жағдайын айтып, ағаш отынмен қамтамасыз етуге көмек сұраған болатын. Тұрғынның өтініші қанағаттандырылды. Депутат қабылдауына келген Кентау қаласы, Байылдыр ауылының тұрғыны Ақжарқын Бакилбекова Байылдыр мен Кентау қаласы арасындағы қоғамдық көліктердің демалыс күндері тұрақты жүргізуге ықпал етуін сұрады. Ауыл тұрғынының өтінішіне сай, Кентау қалалық әкімдігінің тиісті бөліміне ұсыныс беріліп, оң шешілетіндігі хабарланды. Жалпы, қабылдауға келген 7 тұрғынның алтауының мәселесі оң шешімін тапты.