«Байдың қызын аламын» әні ресейлік тиктокерлер арасында хитке айналды

«Байдың қызын аламын» әні ресейлік тиктокерлер арасында хитке айналды

«Байдың қызы аламын» әні TikTok әлеуметтік желісінде хит болды, - деп хабарлайды Almaty.tv. Миллиондаған оқырманы бар атақты тиктокерлер осы ән арқылы жаңа тренд жасады, онда олар қазақ тілінде ән айтып, би биледі. Бұл челленджді өзге де TikTok қолданушылары қолдап, бас-аяғы 30 мың адам бұл әнмен видео жүктеді. Олардың қатарында Даня Милохин, Аня Антигрустин, Юлия Гаврилина, Hype house-тан Вероника сынды TikTok жұлдыздары бар. «Байдың қызын аламын» әні арқылы әлеуметтік желіде қазақ тілінің танымал болуына ықпал еткенін айта кетейік. TikTok – әлемдегі ең танымал әлеуметтік желінің бірі.  2014 жылы қытайлық бағдарламашылар Алекс Чжу мен Луис Янг Musical.ly бағдарламасын жасап шығарды. Онда 15-тен 60 секундқа дейінгі музыкалық видеолар жасап, өзгелермен бөлісуге болады. Musical.ly TikTok-ты халықаралық нарыққа бағыттап, тез танымал бола бастады. Бағдарламаны жалпы саны 1 миллиард рет жүктеген. TikTok-тың күнделікті аудиториясы 800 миллионнан асады.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Almaty TV | Алматы телеарнасы (@almaty.tv)