Алматының полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды

Алматының полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды

Белсенді Нұрәлі Айтеленов Алматының Жетісу ауданында учаскелік инспекторлар онлайн ойын ойнап отырғанын видеоға түсіріп, Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов түсініктеме берді.

"Ақпарат бергеніңіз үшін алғыс білдіремін! Бүгін қызметкерлерімізге қатысты қызметтік тексеріс жүргіземіз. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймын", - деп жауап берді Рүстем Әбдірахманов блогерге.
Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мусанов мән-жайды анықтауға уәде берді.
"Бейнежазбаға қарағанда, бұл Патрульдік полиция қызметкерлері. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс басталды", - деп жазды Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
https://www.youtube.com/watch?v=pq6WvfXG0uA