Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша қауіпті "қызыл" аймақтан келетіндерге ПТР тестің COVID-19 инфекциясына қарсы теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама немесе вакциналау паспортының электронды нұсқасы қажет. Шығыс Қазақстан облысының бүкіл аумағында шектеу шаралары 24 мамырдан 6 маусымға дейін ұзартылды.
Әкімдіктер мен мүдделі ведомстволарға төмендегі жұмыстарды қамтамасыз ету тапсырылды:Қаулы 23 мамырда күшіне енеді.
- Алматы облысы жақтан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп/шығуды бақылау үшін 2 санитарлық бекет;
- Қарағанды облысы жақтан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп/шығуды бақылау үшін 1 санитарлық бекет;
- "Ауыл", "Үбі", "Бақты", "Майқапшағай" бақылау-өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін автокөлік өткелдерінде 4 санитарлық бекет (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – 1 бірліктен).