Қашықтан жұмыс заңдастырылады
Қашықтан жұмыс заңдастырылады
97
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын құптады. Соның ішінде Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуге қатысты заң жобасын I оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы қашықтан жұ­­мыс істеуге байланысты еңбек қа­ты­настарын жетілдіру және реттеу мақсатында әзірленіп отыр. – Әрбір заманның, әрбір уа­қыттың өз талабы бар. Барлық сала қазіргі заман талабына сай болуы керек. Сол үшін бұл заң жобасында тұңғыш рет «қа­шық­тан жұмыс» деген норманы ен­гізіп отырмыз. Бұл да – уақыт талабы. Себебі пандемия ке­зінде қа­шық­тан жұмыс істеудің пай­далы әрі тиімді екеніне бәріміз көз жет­кіздік. Сон­дық­тан жұ­мыстың осы жаңа фор­маты заң деңгейінде реттелуі керек деп есептеймін. Бұл да дәстүрлі, «стационарлы» жұмыс сияқты қалыпты, заңды жұмыс форматы болады. Бұл ретте дәс­түрлі еңбек қатынастарына қа­тысты барлық мәселе еңбек заң­намасында жет­кілікті қа­рас­ты­рылған. Ал қа­шық­тан жұмыс саласы күні бү­гінге дейін қа­рас­тырылмай, ор­ны олқы соғып тұр­ды, – деді Нұрлан Нығ­матулин. Спикер қашықтан жұмыс іс­­теу форматының заңдас­ты­рылуы­на байланысты бүкіл нор­мативтік-құқықтық актілерді өзектілендіру маңызды екенін Үкіметтің қаперіне салды. Осы заң жобасын талқылау барысында депутаттар ұғымдық аппаратты пысықтады. Мысалы, «қашықтан аралас жұмыс істеу», «хабарлама» терминдері заңнамаға енгізіледі. Бұдан бөлек, төтенше немесе соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген кезеңде не өзге де шектеу іс-шаралары қолға алынғанда, сондай-ақ жұмыс­керлердің өміріне немесе ден­саулығына қатер төндіретін өзге де жағдайларда жұмыс берушінің актісімен аталған жағдайлар жойыл­ғанша қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге немесе қашықтан аралас жұмыс істеуге көшіру құқығы енгізілмек. Жұмыс берушінің актісіне сәйкес жабдықты, бағдарламалық-техникалық құралдарды, ком­муникация-байланыс құрал­да­рын, байланыс қызметтерін, ақ­паратты қорғау құралдарын және өзге де құралдарды қоса алғанда, еңбек функцияларын қашықтан орындайтын жұмыскерге жұмыс беруші беретін құралдар тізбесі нақтыланып отыр. Қашықтан жұмыс істеу жүзеге асырылатын орынды белгілеу және басқа мәселелер бөлігінде жекелеген нормаларды нақты­лайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізілді. Сонымен қатар отырыста де­путаттар «Мемлекеттік фельдъе­­герлік байланыс туралы» заң жо­басын I оқылымда ілеспе түзе­тулерімен мақұлдады. Жоба мем­лекеттік құпия саналатын ақпа­раттарды пайдалану кезінде мем­лекеттік құрылымдар арасындағы қатынас пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін арнаулы қыз­метке қатысты. Құжат фельдъе­герлік байланыс саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақ­сатында әзірленді.  

Айхан ШӘРІП