Заңсыз арақ өндірген зауыт анықталды
Заңсыз арақ өндірген зауыт анықталды
158
оқылды

Алматы облысында заңсыз өндірілген 10 300 литр арақ тәркіленді. Ішімдікті Қара­сай ауданындағы үлкен зауытта өндірген.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйенсек, 19 мамырда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде алкоголь өнімдерін заңсыз өндіргендер анықталыпты. «Қарасай ауданында орналасқан зауытта «Наша Водка» белгісі бар арақтың 14 000 бөтелкесі (0,5 литрден) және алкоголь өнімін құюға арналған пластик ыдыста мөлшері 3 300 литр болатын спирт өнімі табылды. Өндіріс заңсыз жүргізілген» деп мәлімдеді комитет.

М.ТӨЛЕУ