Қызылордада орман өртенді
Қызылордада орман өртенді
223
оқылды

Облыс аумағында жа­­қында 40 гектар орманды жерді өрт шалған. Одан бөлек, елді мекендерге жа­қын маңдағы егістіктер де отқа ораныпты. Маман­дар­дың айтуынша, бұған ең ал­дымен адам­дардың сал­ғырттығы себеп болған. Та­би­­­­ғат аясына тынығуға шық­­қандар көбіне қауіпсіздік шараларын сақтамайды екен.

Өрттің салдарынан адам өмірі мен мүлкіне, ерекше қорғаудағы өсімдіктерге үлкен қауіп төнген. Құтқарушылардың айтуынша, шалғай аумақтарда тұтанған өртті сөндіру кезінде су табылмайды. Сырдария мен өзге арналардағы су деңгейі таяз болуына бай­ла­­нысты тікұшақпен де тасы­­­малдау мүмкін емес. «Сон­дықтан тек мотопомпаның күшімен су бүр­­­кеміз» дейді өрт сөндірушілер. Қа­зір сол үшін Төтенше жағ­дайлар департаментінің маман­дары қор­шаған орта мен жануар­лар дү­­­ниесін қорғау мақсатында 8 өрт-тактикалық жаттығу өт­кізіп, жыл­дам су жеткізу тә­сілдерін же­тілдіріп жатқанға ұқсайды. – Тораңғыл, сексеуіл сынды «қызыл» кітапқа енген өсім­­­дік­­­терді қорғау мақсатында жедел жәрдем, Ішкі істер министрлігі, ұлттық әскери бөлімдерді, көп­­теген арнайы қызметті жұмылдыра отырып, оқу-жаттығуларды өт­­­кіз­дік. Облыс тұрғындарына және қонақтарды қауіпсіздікті қатаң сақтап, өрттің алдын алуға ша­­­­қырдық, – дейді «Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі» ММ басшысы Нұрсұлтан Иб­рагимов. Мамандар онсыз да құрғақ­­­шылық жиі болатын аймақ эко­логиясына өрттің тигізер зардабы орасан зор екенін айтады.  

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ