Киік атқан азамат сотталды

Киік атқан азамат сотталды

Қостанай облысында пробациялық есепте тұрған тұрғын киік атқаны үшін 2,5 жыл бас бостандығынан айырылды. Бұл жайында Қостанай облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі жария етті.

Айыбы дәлелденген күдікті 2,5 жыл мерзіммен қоса, 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілетін бо­лады. – Пробациялық есепте тұрған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қоғамдық жұмысқа тарту жа­засының қалай орындалғанына ауыл тұрғындары куә болды. Ол жол бойына көшет егуге атсалысты. Қайырымдылық акциясына ауыл әкімі мен ақ­сақалдары да қатысып, ағаш екті, – деп жазды департаменттің баспасөз хатшысы.  

М.ТӨЛЕУ