Қытайдан 20-дан астам қазақстандық оралды
Қытайдан 20-дан астам қазақстандық оралды
Фото: Интернеттен алынды
205
оқылды
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20-дан аса қазақстандық Қытайдан оралды. Қазақстанның 20 азаматы Гуанчжоу мен Құлжа қалаларында болған. Олардың екеуінде дене қызуы жоғары болған (37,5) градусқа жеткен. «Олар бірден оқшауланып, Панфилов ауданындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. Қажет сараптамалар алынды», – деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілі. Айта кетейік, былтыр Қытайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухань қаласындағы теңіз өнімдері сатылатын базардан сынама алып, зерттеп, вирустың жабайы жануарлардан таралғанын анықтады. Уханьнан тараған дерт Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзияға дейін жеткен.