Жартылай финалға өте алмады
Жартылай финалға өте алмады
196
оқылды

Ұлттық олимпиадалық комитет­тің хабарлауынша, 20 мамыр күні Лозаннада (Швейцария) садақ атудан әлем кубогі кезеңінде жартылай финалдық сайыстар өтеді.

Әлем кубогі кезеңінде классикалық садақ ату бойынша Қазақстан құрама­сынан бірде-біреуі жартылай финалға өте алмады. Іріктеу кезеңі аясында ел құрама сапынан Денис Ганькин жоғары нәтижеге қол жеткізді. Үшінші кезеңге дейін жеткен Денис Ганькинді гер­мания­лық Максимилиан Векмеллер тоқтатты.  Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев екінші кезеңнен тізгінді тартса, Сұлтан Дүзелбаев бірінші айна­лымда-ақ жарыстан шықты.  

Айбике ЖАНАСЫЛ