Полицей 2 жасар қызды аман алып қалды
Полицей 2 жасар қызды аман алып қалды

Қостанайда полицей Мерей Хайруллин 2 жасар баланың 2-қабаттан құлайын деп отырған жерінен құтқарды.

Кеше Волынов көшесінде орналасқан үйдің 2-қабатындағы терезеде кішкентай баланың шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйеніп отырғанын көршілері байқаған. Оқиға орнына ең жақын маңдағы №522 автопатруль барды. Лейтенант Мерей Хайруллин мен аға лейтенант Әсет Байтасов оқиға орнына бірнеше минутта жетті. Мерей Хайруллин 2 жасар қызды аман-есен құтқарып қалды.

Бұған дейін терезеден құлаған баланың екі күн далада жатқаны туралы жазған болатынбыз.