Жұмыс орнында жарақат алғандар саны көбейген
Жұмыс орнында жарақат алғандар саны көбейген
354
оқылды

Қазақстанда жұмыс орнында жарақат алғандар саны көбейген. Биыл төрт айда 462 адам мертіккен. Бұл былтырғы салыстырмалы кезеңнен 11 пайызға көп. Оның ішінде 59-ы қайтыс болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары төрт мыңнан аса тексеру жүргізіп, 7 мыңнан астам заңбұзушылық анықтаған. Ал кәсіпорындар мен еңбек ұйымдарында жазатайым зардап шеккендер саны мың жарым адамға жеткен. Қайтыс болғандары – 208. Бұл 2019 жылға қарағанда, 15 жарым пайыз өскенін көрсетеді. Биыл төрт айдың көрсеткіші де өсім ұлғайып бара жатқанын дәлелдеп отыр. Бұған себеп те бар. Өйткені жалпы тексерісте анықталатын қате-кемшіліктердің үштен бірі еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болып отыр.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов: «Жұмыс орнында жарақат алу Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында көп. Олардың ішінде салалар бойынша алсақ, ең көбі 304 адам тау-кен кешеніне тиесілі. Ал құрылыста 175  адам жарақат алған», – дейді.

Кеше астанада жоғары қабаттан құлап кеткен құрылысшы туралы жазған болатынбыз.