Қазақстанда жұмыс орнында жарақат алғандар саны көбейген. Биыл төрт айда 462 адам мертіккен. Бұл былтырғы салыстырмалы кезеңнен 11 пайызға көп. Оның ішінде 59-ы қайтыс болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары төрт мыңнан аса тексеру жүргізіп, 7 мыңнан астам заңбұзушылық анықтаған. Ал кәсіпорындар мен еңбек ұйымдарында жазатайым зардап шеккендер саны мың жарым адамға жеткен. Қайтыс болғандары – 208. Бұл 2019 жылға қарағанда, 15 жарым пайыз өскенін көрсетеді. Биыл төрт айдың көрсеткіші де өсім ұлғайып бара жатқанын дәлелдеп отыр. Бұған себеп те бар. Өйткені жалпы тексерісте анықталатын қате-кемшіліктердің үштен бірі еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болып отыр.Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов: «Жұмыс орнында жарақат алу Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында көп. Олардың ішінде салалар бойынша алсақ, ең көбі 304 адам тау-кен кешеніне тиесілі. Ал құрылыста 175 адам жарақат алған», – дейді.
Кеше астанада жоғары қабаттан құлап кеткен құрылысшы туралы жазған болатынбыз.