Абақтыда жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді арнайы емдейтін болды
Абақтыда жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді арнайы емдейтін болды
154
оқылды

Пилоттық жоба жазасын өтеп жатқан шенеуніктердің жанын емдеуден басталмақ. Испанияда қолға алынған жаңа бастама жөнінде  The New York Times жазды.

Әзірге түрмеде жазасын өтеп жатқан оншақты шенеуніктің санасын емдеп, олардың өз мінін жоюға көзқарасын өзгерту үшін психиаторлар жұмыс істейді.   [caption id="attachment_138905" align="aligncenter" width="1024"]жемқор Фото: The New York Times-тан алынды[/caption] Басылымның жазуынша, психиатор Серхио Руис жемқор шенеуніктердің «жан жарасын» емдеуге біршама уақыт керек екенін айтқан. Ол осы күнге дейін 32 ем-дом курсын жүргізген.

«Олар да өзіміз сияқты адам. Меніңше, соншалықты қатыгез, ұры-қары деп айыптамас бұрын, олардың неліктен жемқор болған себебін іздеген жөн. Испанияда жемқорлар аз да болса бар. Жаңа жобаға жазасын өтеп жатқан 2044 шенеунік қатысып жатыр», – дейді.

Біз бұған дейін Қазақстанда қарамағындағылардың жемқорлыққа қатысы болғаны үшін 108 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз. Оның ішінде 15 мемлекеттік қызметкер отставкаға кеткен болатын.