Атақты актер Фархат Әбдірайымов Грузияда қайтыс болды
Атақты актер Фархат Әбдірайымов Грузияда қайтыс болды
140
оқылды

Бұл ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған.

Актер Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильмде» еңбек еткен.

Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші» фильмдеріне түскен. 20-дан аса фильмде эпизод, басты рөлдерде ойнаған.

Ол Ресейдің «Үздік актер» кино басылымының бас жүлдесін, XXI Халықаралық «Святой Георгий Победоносец» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін алған. 2020 жылы «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» аталымын иеленген. Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.