Бүгін елімізге танымал актер Фархат Әбдірайымов өмірден өтті. "Қазақфильм" киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған. Бұған дейін оның Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болғаны хабарланған. Актер жайында біз не білеміз?
[caption id="attachment_138958" align="alignnone" > ©https://brod.kz/films/skaz_o_rozovom_zaytse/[/caption] Танымал актер әрі белгілі продюссер, марқұм Фархат Әбдірайымов биыл мерейлі 55 жасқа толыпты. Ол бала кезінде кәуап пісіретін аспаз болуды армандаған екен. Алматылық жігіт 1988 технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітіріп, инженер-технолог мамандығын алған. Ол кезде Фархаттың нағашылары мейрамхана бизнесімен айналысқан екен. Нағашы атасы бір мейрамхана директоры болса, нағашы ағасы «Аққу» кафесінде жұмыс істеген. Тіпті, Фархат та анасы секілді асүйден шықпай, мейрамхана ісімен айналысқан. Сондықтан оқу бітіре салып, ол «Турист» мейрамханасының директоры болған. https://www.youtube.com/watch?v=_FcLG_x9RCM&ab_channel=TVIN Алайда өнер иесінің тағдыры басқа арнаға бұрылған. Бір күні кафеде отырған Қазақфильм киностудиясындағы іріктеу бөлімінің басшысы Фархатты байқап қалып, іріктеуге шақырған. Ол кезде Фархат 28 жаста. Марқұм көзі тірісінде «Абай болмаса, актер болуым екіталай еді» деп айтатын. Расымен, оның жұлдыз қылған режиссер Абай Қарпықов болды. Фархат режиссердің («Тот, кто нежнее») «Кімнің жаны нәзік болса» фильміне шақырылып, осында алғашқы рөлін сомдаған. Сөйтіп, 1994 жылы түсірілген филім көрсетілімге шықпай біраз уақыт жатып қалады. Екі жылдан кейін киноның сценарий қайта жазылып, қайта түсіріледі. Осыдан кейін Фархат Мәскеуге шақырылған. Қызығы, осы кинода актер ең үздік ер-азамат рөлі номинациясын иеленген. [caption id="attachment_138960" align="alignnone" > ©https://novoetv.kz/tag/tot-kto-nezhnee/[/caption] «Мансуровтың үлкен тарихи киносына түсіп, кішігірім көрсетіліміне барғанмын. «Сынға алып, елге ұнамай жатса, шығып кетемін» деп залдың шығаберісінде отырдық. Кино бітті. Жанымдағы достарым күлкіден қатты. Сол кезде қасымызға бір ер адам келіп, «Осы картинадан сізді қиып тастаса, бұл киноны көрудің қажеті жоқ» деді. Сөйтсек, ол «Гос.Кино.Россияның» төрағасы Медьведев екен», - дейді Фархат Әбдірайымов бір естелігінде. Актер осы киносы үшін Ресейдің үздік актері атанды. Міне, осыдан кейін жиырмадан астам киноға түсіп, түрлі сериалдарда бас рөлдерді ойнаған. 1999 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының белді актері болды. Түскен киноларын атап айтсақ:- 1996 – «Кімнің жаны нәзік болса» - Фархат
- 1996 – «Шанхай» - бандит
- 1997 – «Ақсуат» - эпизод
- 1997 – «Сиқырлы демеуші» - Теңбай
- 1998 – «Омпа» - толық жолаушы
- 1998 – «Француз құрбақаларынан жасалған сорпа» - Фархат
- 1999 – «Фара» - Фара
- 2005 – «Ежелгі бұлғарлардың дастаны» - эпизод
- 2005 – «Заставка» - есірткі бароны
- 2006 – «Жел-адам» - Хәкім
- 2007 – «Бір күні жүксалғышта» - Ахмедия
- 2008 – «Хоккайдо полициясы» - мафия бастығы
- 2010 – «А-ға оралу» - продюсер
- 2010 – «Қызғылт түсті қоян туралы хикая» - Жайбархан
- 2010 – «Махаббат тәлкегі» - жаттықтырушы
- 2010 – «Тасадағы махаббат» - Сергей
- 2010 – «Нағыз полковник» - Жандос
- 2011 – «Жан жүрегім – Астана!» - эпизод
- 2011 – «Уран дауылы» - эпизод
- 2012 – «Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман» - жын
- 2013 – «Гейзер» - автосалын қожайыны
- 2013 – «Өзге ғаламшарлықтардың қатысы жоқ» - такси жүргізушісі
- 2013 – «Бір күні» - билет тексерушісі
- 2013 – «Параллельдік әлемдер» - жеміс-жидектер сатушысы
- 2014 – «Елес қуған сайыпқыран» - тұтқын
- 2015 – «Су перісіне арналған үй» - эпизод
- 2015 – «Рэкетир-2» - Мәке