Жамбылда сарбаз өзіне-өзі қол жұмсады – Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын айтты
Жамбылда сарбаз өзіне-өзі қол жұмсады – Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын айтты
163
оқылды

Сарбаздың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайын Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі казарма ғимаратының 4-қабатындағы терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған. Аман алып қалу шаралары жүргізілгенмен, сарбаз есін жимаған күйі қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде. Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының қалауы бойынша жария етілмейді», – деді министрлік өкілі.

https://www.youtube.com/watch?v=cy05zdcFFIM&ab_channel=AikynGazeti  

Бұған дейін әскерден қашып кетіп, қой баққан сарбаз туралы жазған болатынбыз.