Жер дауын шешпеген әкімді жауапқа тартты – Артур Платонов
Жер дауын шешпеген әкімді жауапқа тартты – Артур Платонов
145
оқылды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов Facebook-тағы парақшасында жазды.

Шағымданушылардың айтуынша, үлескерлер өз үлесін алып, ЖШС құрамынан шыққанды жөн санайды. Дау-дамай ушығып, ел арасында талас-тартыс көбейді. Үлескерлер мен компания өкілдері арасында жанжал болды.

Жер дауына қатысты жергілікті басқарушы органдар өкілі мәселеден хабардар болса да, үлескерлер проблемасын шешу үшін тиісті шешімдер қабылдамаған.

Аудан әкімі, партия филиалының аймақтағы төрағасы мәселені шешуден бас тартты. Сондықтан аудан әкімі Т.Дүйсебаевқа партияның облыстық бақылау комиссиясы тарапынан қатаң ескерту берілді.