Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық қысым әсерінен күн ыстық болады.
Сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Шығыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр жауады.«Иран аймағынан соғатын жылы және құрғақ ауа массалары келуіне байланысты ауа температурасының әсерінен күн қатты ысиды. 24 мамырда күндіз термометр бағаны 30-38 градусқа дейін жетеді. Тек оңтүстік-шығыс, шығыс және орталықта күн 25-35 градус болмақ. Кейбір өңірде жел күшейіп, оңтүстікте құмды дауыл соғады», – дейді синоптиктер.