Көкшетауда терезеден құлап кеткен бала аман қалды
Көкшетауда терезеден құлап кеткен бала аман қалды

Жыл басынан бері Ақмола облысында бұл төртінші оқиға болып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Оқиға 20 мамыр күні кешкі сағат 7-лер шамасында болған. Көкшетау қаласы Полиция басқармасына хабарласқан тұрғын МПС көшесі, 28 мекенжайындағы екінші қабаттың терезесінен кішкентай баланың құлап кеткенін хабарлаған.

«4 жасар қыз бала 10 жастағы ағасымен үйде қалған. Бұл кезде балалардың ата-анасы емханаға кетіпті. Ағасы жуыну бөлмесінде болған кезде қарындасы терезеге шығып, байқаусызда құлап кеткен. Абырой болғанда, қыз аман қалды. Денесінде жарақат жоқ», – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы