Алматы зообағындағы «көріпкел» маймыл өліп қалды
Алматы зообағындағы «көріпкел» маймыл өліп қалды
175
оқылды
Алматы зообағындағы «көріпкел» шимпанзе қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақпарат Алматы зообағының Instagram парақшасында пайда болды.
«Құрметті достар! Сіздер біздің барлық жағымды жаңалықтарымыз бен қуаныштарымызды бірге бөлісіп, әрдайым қолдау білдіріп келесіздер. Бұл жолы қайғылы жағдайды хабарлағалы отырмыз. Онкологиялық ауру салдарынан Томирис атты шимпанземіз қайтыс болды. Кішкентай Томиді емдеу үшін әлемдік деңгейдегі ең білікті ветеринар мамандар тартылды. Кейде медицинаның өзі ауыр дерттің алдында дәрменсіз. Біз үшін бұл ауыр жағдай болды. Томиристі барлық зообақ қызметкерлері мен келушілер өте жақсы көрді. Ол өте талантты, шығармашылыққа бейім жануар еді. Томи музыканы ерекше сүйіп тыңдайтын. Томирис біздің ойымызда, жүрегімізде сақталып қалады», - деп жазды зообақ әкімшілігі.
Айта кетейік, 2014 жылы Алматы зообағында Томириске әлем кубогының финалисттері - Германия мен Аргентина құрамаларының туын ұсынды. Ол Германия туын таңдады. Нәтижесінде немістер 1:0 есебімен Әлем кубогын жеңіп алды. Содан бері оны зообақ қызметкерлері мен келушілер «көріпкел» Томи дейтін.