Биыл Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер қолдан жасалған 237 ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтады. Ұлттық банк банкноттың түпнұсқасын жалған ақшадан ажыратуға болатын бірнеше айрықша белгіні атады.
Ұлттық банктің хабарлауынша, биыл қаңтар-наурыз аралығында 760 950 теңгеге қолдан жасалған 237 ақша белгісі анықталды. Былтыр осы кезеңде қолдан жасалған 226 банкнот табылған.
Жалпы көлемнен алып қарағанда, осы жылдың бірінші тоқсанында қолдан көп жасалған ақшаның 65%-ының номиналы 2 000 теңгелік, 23%-ы 5 000 теңгелік банкноттар болған. Басқа банкноттар мен монеталардың үлесі – 12%.
Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыдан (169), екеуі Қызылорда және екеуі Жамбыл облыстарынан анықталған.
Банкноттың түпнұсқасын жалған ақшадан ажырату үшін оның бірнеше белгісін білу жеткілікті.
Елдегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі жеңіл технологиямен жасалады, олар түпнұсқадағы негізгі белгілерді тек имитациялаумен шектеледі. Яғни, арнайы жабдықсыз-ақ жалған банкноттарды қолмен ұстап, мұқият қарап та анықтауға болады, – делінген хабарламада.Түпнұсқа банкноттың бірнеше айрықша белгісі бар.
Біріншіден, ол өзіне тән ерекше шытырлайды, екіншіден – арнайы рельефі бар. Сонымен бірге барлық банкнотта көру қабілеті нашар адамдар үшін саусақ ұшымен ажыратуға болатын белгілер бар. 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттарда түс өзгертетін бояумен жағылған бейнелер бар. Көлбеу бұрышын өзгерткен кезде өрнек түсі жасылдан алтынға өзгереді. Сонымен бірге жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде анық көрінетін, жазуы бар пунктир түріндегі тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аударған жөн.Банкноттардың осы бір ерекшеліктері арнайы жабдықты пайдаланбай-ақ түпнұсқаны лезде көзбен қарап, тексеріп шығуға мүмкіндік береді.