Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен ауру маусымдық сипатқа ие болып бара жатқанын айтты.
"Қазақстан өзінің вакцинасы бар он елдің біріне айналды. Жүргізілген клиникалық зерттеулер оның тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Бұған қоса, барлық болжамдарға қарағанда, коронавируспен ауыру маусымдық сипатқа ие болып барады. Вируспен күрестегі табыс кепілі халықты иммундау екені айқын. Бұл саладағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жалғастыру барынша маңызды деп санаймыз», - деді Президент.