"Қазақстан бұрын қонақжай еді": Беларусь президенті Қазақстанға неге ренжіді?
"Қазақстан бұрын қонақжай еді": Беларусь президенті Қазақстанға неге ренжіді?
101
оқылды

Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларымен жеке кездесе алмағанына өкініш білдірді. Ол "Қазақстан бұрын қонақжай еді" деп, ренішін де айтты.

Tengrinews.kz хабарлауынша, отырыстың басында ЕАЭО құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға Үндеу жасады.
"Жоғары кеңестің құрметті мүшелері, отырысқа қатысушылар. Қысқаша сөз сөйлеуге рұқсат етіңіздер. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте сіздерді көргеніме қуаныштымын. Отырыстың видеоконференция жағдайында болғаны өкінішті. Көрмегелі көп болды, сағынған тұстарым бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Александр Лукашенко халықты жаппай вакциналап жатса да, барлық жақ жабылып қалғанын айтты.
"Құрметті, отырысқа қатысушылар, баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Құрметті төрағамыз айтқандай, көрмегелі көп болды, бір-бірімізді телеарнадан көріп, сағынып қалдық. Ойлаймын, Қазақстан бұрын қонақжай еді, қонаққа шақыратын. Қазір неге екені жабылып қалдық, вакцинамыз жақсы, халықты жаппай вакциналап жатырмыз дейміз. Бірақ әлі де кездесе алмай келеміз", - деді Беларусь президенті.
Ол президенттерді қазанда Минскке шақырды.
"Сіздерді қуана қарсы аламын. Өкінбейсіздер деп ойлаймын", - деді ол.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "дәстүрлі есте қалар сөз сөйлегені" үшін Александр Лукашенкоға алғысын айтты.
"Әріптестерімді біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеуге шақырамын. Бұл кездесуді онлайн өткізу туралы шешім бәріңіздің келісімдеріңізбен қабылданды. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдап, соған сүйендік. Жағдайды жеңілдетудің қажеті жоқ, пандемия әлі де бар", - деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.