Орал маңындағы ауылда екі баланы көлік қағып кетті
Орал маңындағы ауылда екі баланы көлік қағып кетті
5,081
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное ауылында екі баланы көлік қағып кетті, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сағат 14.00 шамасында "Лада Калина" көлігін айдап келе жатқан 49 жастағы жүргізуші 11 жастағы екі баланы қағып кетті.
"Жәбірленушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға түсті. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.