Қазақстандық боксшы салмағы 146 келі қарсыласын екі жарым минутта сұлатып, нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы салмағы 146 келі қарсыласын екі жарым минутта сұлатып, нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Данила Семенов (2-0, 1 КО) Ресейде өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, салмағы 146 килограмм тартатын тәжірибелі боксшыны 1-раундта сұлатты. Супер ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық қарсыласын екі жарым минутта сұлатып, нокаутпен жеңді. Осборн Мачимана - Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы (23-13-2, 17 КО). Ауыр салмақтағы боксшы осымен 14-рет жеңілді. Осылайша, Данила Семенов кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Оның екеуі нокаутпен аяқталды. 21 жастағы қазақстандық спортшы кәсіби боксқа өткен жылдың қазанында келген.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)