Шекарадан 700-ден астам смартфон кіргізілмек болған
Шекарадан 700-ден астам смартфон кіргізілмек болған
136
оқылды
Тауарларға ілеспе құжаттары мүлдем жоқ «REDMI» маркалы 747 дана смартфонды тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік Кірістер департаментінен хабарлады.
"2021 жылдың 21 мамырында Қордай ауданында орналасқан «Аухатты» бақылау-өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы бағытына қарай, Қырғыз Республикасынан мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезінде, ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік Кірістер департаментінің Экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары бірігіп жүргізген тексеру барысында тауарларға ілеспе құжаттары мүлдем жоқ «REDMI» маркалы 747 дана смартфондарды тасымалдау әрекетіне жол берілмеген", – делінген департамент хабарламасында.
Қазіргі уақытта, қылмыстық құқықбұзушылық істі қозғау үшін, материал Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.