Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Қазгидромет синоптиктері. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 22 мамырда түнде 2 градус үсік жүреді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 18 метрге дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерде 38-42 градус аптап ыстық болады. Түркістан облысында найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ертең Нұр-Сұлтанда күндіз бұлтты болады. Кейде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы 27-29 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда да күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Шымкентте күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр.