«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Мамырдың 21-інен  бастап Мәжіліс заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады.

Мәжілістің баспасөз қызметі­нің хабарлауынша, бұл сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросының шешімі бойынша тағайындалған. «Пандемия жағдайына қара­мас­тан Мәжілістің заң шығару жұ­мысы тұрақты және ашық түрде жүргізіліп, барлық іс-шаралар бойынша мәліметтер  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жүйелі түрде ұсынылып отырды. Дәстүрлі түрде  қорытындылау және сыйлық жеңімпаздарын анық­тау журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құ­рал­дары қызметкерлері күні қар­саңында өтеді. Атаулы сыйлыққа палатаның заң шығарушылық қызметі жайын­да 2020 жылғы қыркүйек пен 2021 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қа­был­данады» делін­ген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан   мәлім­демеде. Жеңімпаздар Мәжілістің қыз­меті туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, интернет мен радиоматериалдар, сонымен бірге фото және бейне-материалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ Қазақстандағы парламенттік жур­на­лис­тиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы да аталып өтіледі. Өтінім 2021 жылғы 18 маусымға дейін қабылданады.

А.СҰЛТАН