Халықаралық іздеудегі қазақстандық қылмыскер Нұр-Сұлтанға жеткізілді
Халықаралық іздеудегі қазақстандық қылмыскер Нұр-Сұлтанға жеткізілді

ҚР Бас прокуратурасы Беларусьтен халықаралық іздеуде жүрген Владимир Тұрғынов экстрадицияланғанын мәлімдеді. 

Дәл қазір күдікті Владимир Тұрғыновқа қару қолдану арқылы қарақшылық шабуыл жасау, адам ұрлау және 100 миллион теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Ол заңға қайшы әрекеттерінен соң қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, шетелге қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Күдікті Беларусь елінен табылып, Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта Тұрғынов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.