Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты жасырып келген сырын бөлісті. Алғаш рет көпшілікке өзінің ажырасып кеткенін айтты.
«4 ай қиын токсикоз болды. Қауіп те төнді. 9 айда 2 ота жасаттым. Бұл жол мен үшін оңай болмады, бірақ мен қиындықтарды өткердім. Қош келдің бұл әлемге, менің кішкентай Назарым. Мен сені бар жүрегіммен күттім», — деп сырын бөлісті дизайнер.Әрі қарай ол әлеуметтік желіден неге күйеуінің суреттерін алып тастағанын түсіндірді.
«Және де 9 ай бойы бір сұрақты қайталап қойған болатынсыздар. Қыран қайда? Біз әлдеқашан айырылысқанбыз. Өзімнің жеке өмірімді қатты талқыға салғым келмейді. Мен құрбан емеспін. Бірақ бірнәрсе айтайын — мені де келін мен ене тақырыбы айналып өтпеді. Бұл жерде бәрі түсінікті деп ойлаймын. Өткенім үшін алғыс айтамын, бірақ біз әрі қарай жылжимыз», — деп жазды әншінің қызы.
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде жас анаға қолдау білдіріп, оған сәттілік тіледі. Еске салсақ, Жанар Айжанованың әже атанғаны туралы хабарлаған едік.