Фархат Әбдірайымовпен қоштасу рәсімі қалай өтеді?
Фархат Әбдірайымовпен қоштасу рәсімі қалай өтеді?
176
оқылды

Қазақстандықтар актер Фархат Әбдірайымовқа "Қазақфильм" киностудиясының кіреберісінде гүл шоқтарын қоя алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фархат Әбдірайымовты жерлеу рәсімі шағын отбасы аясында өтеді.
"Бүгін таңертең Фархат Әбдірайымовтың мәйіті Грузиядан Алматыға жеткізілді. Туыстарының айтуынша, актермен қоштасу рәсімі ертең, 23 мамырда Алматыда өтеді", — делінген "Қазақфильм" киностудиясының хабарламасында.
Пандемия кезіндегі шектеулерге байланысты жерлеу рәсімі жабық өтеді, актермен туыстары және жақын достары ғана қоштаса алады. Актердің отбасы оның жанкүйерлері мен БАҚ өкілдерінен осы шешімге түсіністікпен қарауды сұрады. Фархад Әбдірайымовтың құрметіне Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кіреберісінде арнайы жабдықталған орынға гүл шоқтарын қоюға болады. Бұған дейін Фархат Әбдірайымов неден қайтыс болғаны анықталған еді. "Қазақфильм" киностудиясының мәліметінше, актердің өліміне инфаркт себеп болған. Танымал актер 55 жасында Грузияда түсірілім алаңында қайтыс болды.