Нұр-Сұлтанда соңғы қоңырау қалай өтеді?
Нұр-Сұлтанда соңғы қоңырау қалай өтеді?
102
оқылды
25 мамырда елордалық мектептерде дәстүрлі соңғы қоңырау өтеді. Биыл 1-10 сынып оқушылары үшін іс-шара онлайн форматта, ал мектеп бітіруші түлектер үшін білім мекемелерінің ауласында өткізіледі, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Елордалық білім басқармасының хабарлауынша, 1-10-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау онлайн, яғни сынып сағаты түрінде өтеді. Ал 11-сынып түлектері үшін іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұсынымдарына сәйкес ашық ауада, мектеп ауласында дәстүрлі форматта өткізіледі. Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады. Мектеп аумағында және ғимаратында қашықтықты қамтамасыз ету үшін белгілер қойылды. Оған түлектердің ата-аналары немесе заңды өкілдері қатыса алады. Ал мектеп оқытушылары құрамынан алты адамнан артық қатысуына тыйым салынады. Маска режимі және іс-шараға қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі.