Шымкентте 11 жастағы бала қазыққа қадалып қалған
Шымкентте 11 жастағы бала қазыққа қадалып қалған

Шымкентте 11 жасар бала қазыққа қадалып қалды, - деп хабарлады otyrar.kz.

Шымкентте 11 жасар оқушы ойнап жүріп абайсызда құлап, салдарынан сол жақ өкпе тұсына қазық кіріп кетті. Бала жақын жердегі №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Шамамен 15-20 сантиметрлі қазық кіріп кеткен оқушыға дереу ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті аяқталған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бір қалыпты. Жаз мезгілінде осыған ұқсас оқыс оқиғалар саны артады. Дәрігерлер ата-аналарға балаларына барынша бас-көз болып, сақтанып жүруге шақырады.