Оралда екі баланы көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған
Оралда екі баланы көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған
Желіде Орал маңындағы ауылда 11 жасар екі баланы көлік қағып кеткен сәттің видеосы пайда болды. Видеода екі бала велосипедпен жолдан өтіп жатқанын көруге болады. Осы сәтте LADA Kalina көлігінің жүргізушісі оларды қағып кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=qSRd1pNx8y0 Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көліктің тізгінінде 1972 жылы туған ер адам болған. Екі бала түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен.