Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жаңбырсыз болып, республиканың басым бөлігінде күн күрт ысиды деп болжанды. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, желдің күшеюі секундына 25 метрге дейін жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, кей жерлерде жел екпіні 23 метрге дейін жетеді, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнауы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды мен Атырауда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 метр секундқа дейін жел соғып, Атырау облысының кей ауданында шаңды дауыл көтеріледі. Павлодар облысының кей жерлерінде төңіректі тұман қаптайды. Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы күрт көтеріледі. Қызылорда қаласының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстанда, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болжанды. Осыған орай, дабылды ескерту жарияланды. Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +30, +32 градусқа дейін жоғарылайды. Алматыда жексенбі күні ауа райы ашық болады +28, +30. Шымкентте синоптиктер күн ыстық және желді болады деп болжайды. Термометр көрсеткіші +30, +32 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді.