Павлодарда белгісіз біреу сауда үйіне бомба қойылғанын хабарлаған
Павлодарда белгісіз біреу сауда үйіне бомба қойылғанын хабарлаған
Павлодардың 33 жастағы тұрғыны дүкенге жарылғыш зат қойылғаны жөнінде қоңырау шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сағат 16.57-де Павлодар қаласының полициясына Жаяу Мұса, 2 мекенжайындағы «Сулпак» дүкенінің ғимаратына бомба қойылғаны жөнінде хабарлама түсті. Шақырту орнына дереу шұғыл-тергеу тобы, өрт сөндіру жасағы және жедел жәрдем жіберілді. Барлық келушілер мен техперсонал эвакуацияланды», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ғимаратты қарап шыққан саперлер қауіпті зат таппады.
«Өткізілген шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті – 1987 жылы туған ер адам анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.
Күдіктіні бұл қылмысқа итермелеген мән-жайлар тергеу барысында анықталатын болады.