Павлодардың 33 жастағы тұрғыны дүкенге жарылғыш зат қойылғаны жөнінде қоңырау шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сағат 16.57-де Павлодар қаласының полициясына Жаяу Мұса, 2 мекенжайындағы «Сулпак» дүкенінің ғимаратына бомба қойылғаны жөнінде хабарлама түсті. Шақырту орнына дереу шұғыл-тергеу тобы, өрт сөндіру жасағы және жедел жәрдем жіберілді. Барлық келушілер мен техперсонал эвакуацияланды», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.Ғимаратты қарап шыққан саперлер қауіпті зат таппады.
«Өткізілген шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті – 1987 жылы туған ер адам анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.Күдіктіні бұл қылмысқа итермелеген мән-жайлар тергеу барысында анықталатын болады.