Алматыда жоғалған 7 жасар бала табылды
Алматыда жоғалған 7 жасар бала табылды

Алматыда жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат басылымы.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жеті жасар бала 22 мамыр күні сағат 20.00 шамасында Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданы, Сүлейменов №1 мекенжайында өзі тұратын ауладан жоғалып кеткен. Жоғалған баланы іздеуге полиция мен волонтерлар жұмылдырылды. Бала табылды.
«Баланы ювеналды полиция қызметкерлері тапты. Ойынға беріліп кеткен ол досының үйінде қонуға қалған. Бала ата-анасына аман-есен тапсырылды», — деп хабарлады полициядан.