Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Қазгидромет. Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі деп болжанады. Жамбыл, Қызылорда  облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының таулы аймағында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Алматы облысының тауларында желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі.