БҚО-да көлік аударылып кетіп, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді
БҚО-да көлік аударылып кетіп, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді
5,087
оқылды
Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, екі адам зардап шекті. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 23 мамыр күні Орал - Атырау жолында Ақжайық ауданы аумағында болды. Шамамен сағат 13.20-да Мерген ауылы тұсында 36 жастағы әйел техниканың ақауы салдарынан Toyota Camry автокөлігінің рөліне ие бола алмай қалып, аударылып қалған. Соның салдарынан жүргізуші мен 1987 жылғы жолаушы түрлі жарақаттармен Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.