Илон Масктың спутниктері Ақсай тұрғындарын шошытты
Илон Масктың спутниктері Ақсай тұрғындарын шошытты
197
оқылды
Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX корпорациясы ғаламдық интернет жүйесі үшін орбитаға ұшырған 60 Starlink спутнигі Батыс Қазақстандағы Ақсай қаласының тұрғындарын шошытты, - деп хабарлайды жергілікті "Мой город" порталы. Аулада отырған қала тұрғыны Светлана Соловьева аспан кеңістігінде тізбектеле жылдам қозғалып бара жатқан белгісіз жарықты байқаған.
"Түнгі сағат бір жарымда біз аспанда жарқыраған шамдарды көрдік. Бір қызығы, олар әрқайсысы 30 данадан екі қатармен тізбектеліп Оралдан Ақтөбеге қарай жылжып бара жатты", – дейді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=dd6MiYfkJcU Қала үстінде беймәлім ғарыш денелері емес, америкалық миллиардер Илон Маскқа тиесілі SpaceX корпорациясы орбитаға шығарған ғаламдық интернет жүйесінің 60 Starlink спутнигі екен.