Жаңа қаулы: 1 маусымнан бастап туристерге демалыс орындарына баруға рұқсат
Жаңа қаулы: 1 маусымнан бастап туристерге демалыс орындарына баруға рұқсат
153
оқылды

ШҚО Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында Бұқтырма су қоймасы, Алакөл және «Рахман қайнарлары» шипажайындағы демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілгені жазылған.

«Туристік-рекреациялық аймақтарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим, термометрия, маскалық режим және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, адамдарды орналастыру және демалу орындарының жазғы туристік маусымға дайындалуына рұқсат етілді. 1 маусымнан бастап орналасатын және демалатын орындарда (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) келушілерді қабылдай алады» делінген құжатта.

Ескерер жайт, демалыс орындарының жұмыс режимі ШҚО-дағы эпидемиологиялық ахуалға қарай қайта қаралуы да мүмкін.