Жанжалдан соң жоғалып кеткен 13 жастағы қыз мектептің жанынан табылды
Жанжалдан соң жоғалып кеткен 13 жастағы қыз мектептің жанынан табылды
5,107
оқылды

Polisia.kz-тің хабарлауынша, биыл 18 мамыр күні түнгі сағат 02:00-де полицияға қала тұрғыны түнгі сағат 00:00-де 13 жастағы қызы жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, қайтып келмегені туралы шағымданған.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы Тараздың барлық аумағын тексеріп шықты. Іздеуге еріктілер де атсалысты. Таңертең сағат бес шамасында жоғалған қыз мектептің жанындағы орындықтан аман-есен табылды. Полицейлер қыздың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізіп, хаттама толтырды.

Бұған дейін «Шаштаразға барамын» деп шығып кеткен қыздың мәйіті орманнан табылғанын жазған болатынбыз.